№13 "Амина" балабақшасы, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное казенно-коммунальное предприятие Детский сад №13 "Амина"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата -аналармен жүргізілген жиналыс үлгісі: "Отбасы мен балабақша бірлігі"

30.03.2018

№13

«Амина»балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балапан»

тобының ата – аналарымен жүргізілген жиналыс үлгісі

Тақырыбы:«Отбасы мен балабақша бірлігі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           

Тәрбиеші:Рахмонбердиева Д.С

                                                                                              

Искакова Ж.Д

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау

2018ж

«Балапан» тобының ата

– аналарымен жүргізілген жұмыс  

Тақырыбы:«Отбасы мен балабақша бірлігі»

 

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып

қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –

қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың балабақшамен,

тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке,

ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Бала

тәрбиесіндегі ата - ана ролі» атты ата – аналар жиналысына қош келдіңіздер!

1. Танысу жаттығуы.

Ата - аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және

өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар?

2.«Отбасы – тәрбие бастауы (баяндама)

3. «Көңіл – күй айнасы» жаттығуы (видео арқылы)

Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші

жағынан – тәрбиелік орта. Отбасы – бұл мектеп те ақпарат көзі, қоғамдық

ұйымдарда, еңбек ұжымы да, дос жарандары да. Отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті.

Тіптен «балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған

бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеседі

Қазақтың отбасы көбінесе көп балалы болып келеді. Осыған

байланысты «Балалы үй базар» деген нақыл сөз де бар. Отбасы мен балабақшаны

байланыстырып тұрған балалар. Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы

көреді. Кейін айналаны сезініп, көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені

отбасынан алады. Отбасынан келген бала үшін топ ең алғашқы ұжым екенін ескере

отырып, тәрбиеші балаларды жолдастыққа, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Тәрбиеші топ балаларымен қандай қарым-қатынаста болса, балаларда бір-бірімен

сондай қарым-қатынаста болады. Бүгін біз сіздерге викториналық ситуациялық

сұрақтар қоюға рұқсат етіңіздер.

4. Ситуациялық

сұрақтар.

Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға

жауап береді.

1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не

істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда

кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің

балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде

елеусіз қалдырасыз ба? 

3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген

бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды»

деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен

сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала

іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз.

Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

6. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?

 Ситуациялық жағдаяттарды,сахналап

көрсету(ата-аналар өздері бала бөліп ойнайды.)

Қорытынды.

Ата - анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой - өлкесі,- деп Абай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт,

арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше,

ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі

болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді

дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие

жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие

бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп,

еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.

Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей

талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат

болып шығары сөзсіз.

 

Просмотров: 530


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст