№13 "Амина" балабақшасы, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное казенно-коммунальное предприятие Детский сад №13 "Амина"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мақала "Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері"

Музыкалық тәрбие берудің маңызы мен міндеттері

Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір– асыл мұрат.

Бүгінде еліміздің балабақшаларында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндер арасында болашақ майталман өнерпаздар, ақындар, әншілер шығуы мүмкін. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші солардың бойындағы қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен тәрбиешілердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты.

Сол тәрбиенің бір саласы музыкалық эстетикалық тәрбие. Эстетикалық  тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап сезіну және түсіну. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың жалпы музыкалық қабілетін  дамыту керек. 

Бірінші мақсат музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге қуану, күйіну, түсіну.  Музыка бөбекті толғандырады, оятады.

Екінші мақсат баланың  тыңдау қабілетін арттыру, салыстыру, баға беруге баулу. Мұның өзі музыкалық  дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін дамыту.

Үшіншіден бала музыканы тыңдай отырып, әнді, ойынды, көркем кейіпкерлерді, биді көз алдына елестете отырып, өзінше орындайды. Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқына, мәдениетіне әсерін тигізеді. Ән айту, музыка тыңдау, балалар аспаптарында ойнау музыканы тез қабылдап, қимыл  жасауын, ұйымшыл болуын қалыптастырады.  Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ баланың мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалайды. Өнер баланы әлемді тануына, саналыққа, халықтың мәдени мұрасы байлығынан рухани жаңғыруына, батылдық сезімдеріне, адамгершілік қасиеттеріне бір сөзбен айтқанда жан-жақты адам болып қалыптасуына тәрбиелейді. 

Баланы қай нарсеге қызықтыра білсең, баданың қабілеті ұшан теңіз екеніне көзініз жетеді. Биылғы жылы бақшамызда алған міндеттемеміз егеменді еліміздің қадір қасиетін қастерлеп әуендер арқылы төл мәдениетке ерекше көңіл бөлдік. Балабақшада  «Әгугәй» вокалдық үйірмесі жұмыс жүргізеді. Неше түрлі жанрда әндер орындалып, биік белестерден көрінеді.

Мақсатымыз балалардың бойына музыкалық тәрбие беріп қана қоймай, ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізге деген сүйіспеншілігін дамыта білу.

Өсе келе олардың бойындағы табиғи дарын қабілет, талант мүмкіндіктерінің толық ашыла түсуіне бұл бастапқы жағдайдың сөзсіз әсері болатыны белгілі, өйткені бәрі де бала кездегі тәрбиеден басталады.

Красный Яр №13 «Амина» балабақшасының музыка жетекшісі:

Кенжалина Жания Бексултановна

Жаңартылған күні: 04.05.2019 18:50
Құрылған күні: 04.05.2019 18:50

Текст