№13 "Амина" балабақшасы, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное казенно-коммунальное предприятие Детский сад №13 "Амина"

Мы в соц.сетях

    

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

"Тілегіміз бейбіт күн" Тақырыптық сабақ №6 "Балбөбек" тобы

Тақырыбы: Тілегіміз бейбіт күн!

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру. 9-мамыр Жеңіс күні екенін түсіндіру. Балаларды Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

Қол ұстасып тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық.

Мен Отанды сүйемін

Сен де Отанды сүйесің

Мен анамды сүйемін

Сен де анаңды сүйесің

Мен әкемді сүйемін

Сен де әкеңді сүйесің.

Көтеріп бір көңілді,

Шаттықпенен күлейік

Дос, бауыр боп бәріміз

Тату-тәтті жүрейік!

Тәрбиеші: Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз  Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыз жайлы болмақ

    Бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық адамдардың жүрегінде жазылмады, әлі де сақталуда. Ұлы жеңіске 70 жыл өтседе бұл күнді біз  ешқашан ұмытпаймыз.Біздің елімізге 1941 жылы маусым айында ойламаған жерден немістер шабуыл жасаған, яғни бұл соғыс деп аталды. Бұл соғыс 4 жылға созылған. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тауып, елге оралмаған азаматтар қаншама, баласы- әкесінен, аналар  ұл-қыздарынан айрылған. Сөйтіп, біз 1945 жылы 9-мамыр күні фашистерді жеңіп шықтық. Сондықтанда 9-мамыр Жеңіс күні деп аталды.

Баршаңызды 9-мамыр Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Ұлы Жеңіс үшін жандарын қиған, ерлік көрсетіп, елімізді қорғаған аға-әпкелерімізді де бар. Білеміз бе?

-Ал балалар теледидарға назар аударайық.Слайд көрсетіледі.

Балалар: Мәншүк, Әлия әпкелеріміз және Бауыржан, Талғат ағаларымыз.

Тәрбиеші: Елімізді қорғап, ерлік көрсеткен аға-әпкелерімізге арналған тақпақтарымызды айтайық

  Ислам :    Жаумен жалғыз алысты              Ерназар:  Батыр бопты бабамыз

                   Түбінде Мәншік соғыстың                            Бізде әлі баламыз

                    Бермеді қолдан намысты                              Күзетте тұр тұрағы

                     Жүректі қызы қазақтың!                              Әскердегі ағамыз

                                                                                              Одан үлгі аламыз

                                                                                               Біз де сондай боламыз!

Богдан:  Соғыс оты болмасын                 Сабина: Мәншүк апай батыр қыз

                Бейбіт елді шалмасын                               Ардақтаймыз атын біз

                 Бейбітшілік ұраны                                    Ұқсап Мәншүк апайға

                Жер бетінде шарласын                              Өсіп келе жатырмыз.

Жанали: Сонау жылы жер көкті                                

               Соғыс бұлтты торлаған                                   

               Сонда батыр ағалар                                   

                 Жаудан елді қорғаған     

Тәрбиеші: Ерлерді ұмытса да ,ел ұмытпас

                  Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып.

                   Ерлерді ұмытса да ,жер ұмытпас,

                   Арқаның селі,желі, шөбі,белі-

                   Ерлерді ұмытса да ,ел ұмытпас.

Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз.Оларды құрметтеп, ескерткіштер қойылған. Олардың атымен мектептер, саябақтар, ауылдар, мәдени орталықтар бар. Олардың есімі мәңгі ел есінде. Олардың есімін жас ұрпақ  есімінде мәңгі қалдыру баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметтеп, еске аламыз. Отан үшін қан төккендер ешқашан ұмытылмайды. Соғыста құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске аламыз.

Балалар қатармен жүріп  «Мәнгі алау»ға гүл шоқтарын қояды . (Бір минут үнсіздік)                              

 Көрініс:Сахна сыртында дауыс естіледі.
Бірінің жары өлгенде,
Бірінің жары хабарсыз
Сұрапыл басқа төнгенде
Кетіпті қара қағазсыз.
Міне, соғыс қасіреті осылайша ананы баладан, баланы әкеден, әкені баладан айырып, көздің жасын көл етті.

Жауынгерлер қаруларын тазалап отырады

Жас солдат:Балалар  тып-тыныш отырмастан ,Отан туралы мақал-мәтел айтып отырсақ қайтеді.

Мақсаты:Балалардың Отанға байланысты мақал-мәтелдерді қалай білетіндерін тексеру.Өз елінің патриоты  болуға тәрбиелеу.

1.Отан оттан да ......(ыстық)

2.Отан үшін отқа.......(түс күймейсің)

3.Жаңбыр жауса –жер ырысы,.......(батыр туса ел ырысы)

4.Халықтың ортақ үйі .......(Отаны)

5.Отансыз адам,............(ормансыз бұлбұл)

6.Туған елдей, ........(ел болмас)

1-жауынгер: Сен не істеп отырсың

2-жауынгер: Отбасыма хат жазып отырмын.Анашым мен сіздерді сағындым,құдай қаласа үйге жеңіспен ораламыз.Сіздерге жағымды жаңалығым бар,біз Мәскеуді,Ленинградды жаулардың қоршауынан шығарып алдық.

Сахна сыртынан дауыс естіледі: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Жауынгерлер: Бірін-бірі құшақтап,құттықтайды

Сарбаздар әні:Жауынгерлер саппен жүріп (оңға,солға)үйлеріне келеді

Аналар балаларын қарсы алуға шығады.(құшақтасып,қуанып көріседі)

Ана:Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

 «Кім мерген»ойынын ойнасақ.

Шарты:Балалар алыста тұрып нысанаға дәл тигізу қажет.

Ән: «Қарсымыз біз соғысқа »

-Отанды сүйесіңдер ме?

-Сендерде осы Отанымыз өскенде жаулардан қорғайсындарма?

Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер жақсы қатысып отырдыңдар?

Мен де Отанымды жақсы көремін. «Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болсын»

Жер бетінде тыныштық

Жер бетінде туыстық

Баянды бақыт адамға

Орнатуға далаға!

Сәбилік таза көңілден

Ант береміз! (3 рет.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖШС «Бэйби Бум» қарамағындағы

№13  «Амина» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

Тақырыптық сабақ:

Тілегіміз бейбіт күн

№6«Балбөбек»тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          

 

 

                                                                Тәрбиеші:Рахмонбердиева Д.С

 

 

                                                          Красный Яр с.2018-2019ж

Страница создана: 08.05.2019 14:36
Страница обновлена: 08.05.2019 14:36

Текст