Көкшетау қаласы білім бөлімінің жанындағы №13 «Амина» балабақшасының
Мемлекеттік
қызмет көрсету саласындағы
Қызметі
туралы 2017 жылдың жария талқылау үшін
есебі
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жеке және
заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік
органдардың қызметі мемлекеттік қызмет
көрсету болып табылады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар
ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі Бірыңғай тізілімді құрайды.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 қызметті қамтиды:
1.
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және балаларды қабылдау»
2.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері
мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін
оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
Өткен 2017 жыл кезеңінде барлығы 97 қызмет көрсетілді.
Қағаз
түрінде-97
1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау және балаларды қабылдау-97
Есепті кезеңде негізсіз бас тартулар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік
процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету
бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрғысында халыққа
қолжетімді және ақпараттандыру мақсатында көрнекі ақпарат стендтері ілінген
(стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.). Мемлекеттік органның ресми
Интернет-ресурсында стандарт, регламенттер, шағымдану тәртібі, байланыс
ақпараттары орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді.
Ай сайын
Көкшетау қаласының білім бөліміне 2 мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі мониторингі бойынша
жұмыс есебі ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша мерзімдерді
бұзушылықтар болған жоқ.
Жалпы алғанда, мемлекеттік қызмет көрсету
сапасын арттыру бойынша оң үрдісі байқалады, орындаушы тұлғалар жауапкершілігі
күшейтілді.
Менгеруші: Шубаева
Н.М.